Қарағанды облысында "Заңсыз таксист" іс-шарасы өтті

Қарағанды облысында "Заңсыз таксист" іс-шарасы өтті

Қарағанды облысында "Заңсыз таксист" іс-шарасы өтті.
Қарағанды облысында көші-қон заңнамасын бұзудың алдын алу мақсатында "Заңсыз таксист" жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Өткен аптада атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 190 құқық бұзушылық анықталды. Қазақстанға келу тәртібін бұзғаны үшін 136 шетелдік азамат жауапкершілікке тартылса, тіркеу тәртібін бұзғаны үшін 42 қабылдаушы тұлға, ал шетелдік азаматтарды жұмысқа заңсыз тартқан 12 адам жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар іс-шара барысында Қазақстан Республикасы аумағында болу мерзімін бұзған 96 шетелдік анықталды. Аталған дерек бойынша материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Көші-қон заңнамасын бұзғандардың ішінде көрші елдің азаматы 2014 жылдан бастап елден шықпай жүрген. Оған елге кірмеуге тиым салу арқылы депортацияланды. Полиция қызметкерлерімен елден барлығы 8 құқық бұзушы елден шығарылса, бір адам бөліп-тарату орынына орналастырылды. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шара барысында жеке тасмалдау саласында көліктерінде тиісті құжаттарсыз, сақтандыру полюсі сонымен қатар техникалық тексерусіз адам тасмалдаған 15 шетел азаматтары анықталды.