Балқашта заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды.
Қарағанды облысында заңсыз балық және аң аулаудың алдын алу мақсатында "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында Балқаш көліне шығып, мұз астынан балық аулап отырған 40 жастағы азамат ұсталды. Ол балықты тиым салынған аумен аулағаны және балық аулауға еш құжаттары болмағаны белгілі болды. Табиғатты қорғау полициясы мен балық шаруашылығы инспекциясының өкілдері азаматтың ауланған балықтарды қапқа салып жатқан сәтінде қолға түсірген. Полиция қызметкерлері ер адамнан жалпы салмағы 59 келі көксерке тәркіледі. Мамандардың айтуынша балықшының бұл әрекетінен табиғатқа шамамен 500 мың теңгеге шығын келген. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.