
Полиция қызметкерлері алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады
Бұқар жырау ауданының полиция басқармасы 57 жастағы жергілікті тұрғынның алаяқтық құрбаны болу фактісі бойынша істі тергеуде. Тергеу әрекеттері барысында белгісіз біреулер жәбірленушінің атына банктер мен шағын қаржы ұйымдарынан 5 миллион теңгеден астам несие рәсімдегені белгілі болды. Жедел-тергеу жұмыстары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы Қарағанды облысының тұрғынын ұсталып, жасаған қылмысын мойындады. Алаяқ жәбірленушінің жеке деректерін пайдаланып, онлайн түрде несиеге өтінім беріп, оларды қолма-қол ақшаға айналдырып, жұмсағаны анықталды. Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.