
Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері автокөліктен жасалған ұрлықты ашты
Қарағандыда патрульдік қызметкерлер автокөліктен ұрлық жасады деген күдікпен екі азаматты қолға түсірді. Таң ата қаланың бір ауданында қызмет атқарып жүрген тәртіп сақшыларының назарына бейтаныс адамдардың күдікті қылығы түскен. Тексеру кезінде 28 жастағы екі адамнан 47 жастағы қала тұрғынына тиесілі бейне тіркеу, күннен қорғайтын көзілдірік және автомобильдік дәрі қорапшасы сияқты заттар тәркіленді. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын 70 мың теңгені құрады. Өзгенің мүлікін ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер ұсталғандардың қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде. Тергеу амалдары жүргізілуде.