Қарағандыда Sim-box құрылғысын заңсыз пайдаланғаны үшін Ресей азаматы ұсталды

Қарағандыда Sim-box құрылғысын заңсыз пайдаланғаны үшін Ресей азаматы ұсталды

Қарағандыда Sim-box құрылғысын заңсыз пайдаланғаны үшін Ресей азаматы ұсталды
Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде Қарағанды облыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері, ҚР ІІМ өкілдерімен және облыс прокуратурасының үйлестіруімен, Қарағанды қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде Ресей Федерациясының 20 жастағы азаматын Sim-box жабдығын заңсыз сақтап, пайдаланғаны үшін ұстады.
Күдіктінің уақытша тұратын жерінде жүргізілген тінту нәтижесінде полиция қызметкерлерімен
1. 128 слотты Sim-box құрылғысы;
2. Екі Wi-Fi роутері;
3. Сигнал күшейткіш;
4. Altel/Tele2 және Activ операторларына тиесілі 1857 SIM-карта тәркіленіп алынды.
Қазіргі уақытта IT-мамандарды тарта отырып, қоңыраулардың бастамашылары мен соңғы алушыларын анықтау үшін онлайн режимде трафикті зерттеу жүргізілуде. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Sim-box арқылы Қазақстан аумағында, сондай-ақ Ресей мен Еуропа елдеріне телефон қоңыраулары жасалған.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факт бойынша «Ұялы байланыс абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын өзгертуге немесе абоненттің сәйкестендіру картасының көшірмесін жасауға мүмкіндік беретін бағдарламаларды заңсыз жасау, пайдалану, тарату» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Істің барлық мән-жайлары мен ықтимал сыбайластар анықталуда.
Аталған бап бойынша күдіктіге екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Басқа ақпараттар Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.