Адам өмірін құтқаруда көрсеткен еңбектері үшін Қарағандылық полицейлерге алғыс хаты келді

Адам өмірін құтқаруда көрсеткен еңбектері үшін Қарағандылық полицейлерге алғыс хаты келді

Адам өмірін құтқаруда көрсеткен еңбектері үшін Қарағандылық полицейлерге алғыс хаты келді.
Қарағанды облысының полиция департаментіне «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» басшылығынан хат келіп түсті. Аталған хатта Қарағанды облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары - полиция капитаны Ж. Әділашовтың және полиция аға лейтенанты Н. Шахманның донорлық органды жеткізудегі маңызды рөлі атап өтілген. Тәртіп сақшылары адам ағзасы салынған мамандандырылған автокөлікті қызметтік көліктерінің жетегіне алып Ақмола облысының шекарасына дейін тез арада жеткізген.
- Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, қызметке деген жауапкершіліктеріңіз және медицина қызметкерлерімен мінсіз үйлесімді жұмыстарыңыздың арқасында біз Орталыққа адам өміріне қажетті донорлық органды уақтылы жеткізе алдық. Сол үшін сіздерге алғыс білдіреміз. Сіздердің әрекеттеріңіз ауыр науқастың сауығуына үміт сыйлады, - делінген директордың міндетін атқарушы Н.Жылгелдинаның хатында.