Қарағанды облысында тәлімгерлер мен жас қызметкерлердің жұмысы талқыланды.

Қарағанды облысында тәлімгерлер мен жас қызметкерлердің жұмысы талқыланды.

Қарағанды облысында тәлімгерлер мен жас қызметкерлердің жұмысы талқыланды.
Қарағанды облысында Тәлімгерлер кеңесінің жұмысын қорытындылап, ағымдағы жылға арналған басым міндеттер айқындалды. Тәлімгерлер аумақтық полиция бөлімшелерінің жас қызметкерлері үшін оларды кәсіби лауазымдарына бейімдеп, алдағы қызмет жолына даярлайтын білікті мамандар екені әлімсақтан белгілі. Олар Ішкі істер органдарына жаңадан келген жастарды ұжымдық өмірге тарта отырып, функционалдық міндеттерін мұқият түсіндіретін аға буын. Бұндай жұмыстар жас қызметкерлерді моральдық тұрақтылығын нығайтып, оң қасиеттерін қалыптастырады.
Екіншіден ішкі істер органдарына жаңадан келген жас қызметкерлер тәлімгерлердің берген тәрбиесінің арқасында ұжымның өміріне белсене қатысуға, тәртіпті сақтауға және кәсіби өсуге ұмтылуға серпін беретіні сөзсіз.
- Қазіргі уақытта Қарағанды облысында 176 жас маман тәлімгерлердің басшылығымен жұмыс істеуде. Бұл ретте жастарға тәлім-тәжірибе беру мақсатында Ішкі істер органдарының ардагерлері жұмылдырылып, олар жас қызметкерлерді оқыту, лауазымдарына бағыттау жұмыстарына баса назар аударып отыр. Былтырғы жылы «Ардагерлер кеңесінің» кубогына өкізілген спорттық жарыстар командалық рухты дамытып, барлық қатысушылардың эмоционалдық жағдайын нығайтып, бірліктің жарқын үлгісіне айналды, - деп атап өтті Қарағанды облысы ПД Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Болат Ахымбеков. Сонымен қатар, Болат Ахымбековтың ай туынша «Үздік тәлімгер» атағына арналған байқау да тәлімгерліктің жоғары деңгейін көрсеткені сөзсіз. Бұл байқауда Қарқаралы ауданының ПБ қызметкері Болат Нұрмағанбетов лайықты бағаға ие болғаны белгілі. Жас қызметкерлердің қалыптасуында музей директоры Айжамал Айтжанованың «Ерлік сабақтары» патриотизм рухын және өткен тарихқа құрметпен қарауды тәрбиелеуде баға жетпес рөл атқарды.
Бүгінде Қарағанды облыстық Полиция департаментінде ардагерлермен кездесулер ұрпақтар сабақтастығының жарқын белгісіне айналды. Бұл кездесулерде үлкендердің даналығы жастарға беріліп, олардың моральдық құндылықтары қалыптасып, ішкі істер органдарында қызмет етуге ынталандырады.
– Жастарды тәрбиелеуге бөлінген назар, жауапты ұрпақты қалыптастыруда маңызы зор. Дұрыс берілген тәлім-тәрбие мен бағытталған дұрыс жол, жас мамандарды қоғамға қалтықсыз қызмет етуге дайындайтыны сөзсіз . Ардагерлер мен жас мамандар арасындағы өзара әрекеттестіктің маңызын асыра бағалау қиын, өйткені олар тек тәжірибемен бөлісіп қана қоймай, жас ұрпақты құқық тәртібін қорғаушылар жолын таңдауға ынталандырады", – деп түйіндеді жиын барысында Болат Ахымбеков.