Аумақтың қауіпсіздігі – учаскелік инспектор мен оның тұрғындарының бірлескен жұмысы, деп есептейді Қарағандылық учаскелік инспектор

Аумақтың қауіпсіздігі – учаскелік инспектор мен оның тұрғындарының бірлескен жұмысы, деп есептейді Қарағандылық учаскелік инспектор

Аумақтың қауіпсіздігі – учаскелік инспектор мен оның тұрғындарының бірлескен жұмысы, деп есептейді Қарағандылық учаскелік инспектор
Учаскелік полиция инспекторларының негізгі міндеті – оларға бекітілген учаскеде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу шараларын жүргізу.
Әрбір жұмыс күні әкімшілік учаскені аралаудан басталып, оның барысында учаскелік полиция инспекторлар қоғам белсенділерімен және әкімшілік аумақтың тұрғындарымен өз учаскесіндегі құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерін талқылауларға қатысады. Инспекторлар тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтау интернет алаяқтықтан, ұрлықтан және есірткіге қатысты қылмыстардан қалай қорғану керектігі туралы кеңес беретіні тағы бар. Бұл бастамаға тұрғындар ғана емес, шағын және ірі бизнес, сауда орындары мен мемлекеттік мекемелер басшылары да қатысады.
Октябрь полиция бөлімінің аға учаскелік инспекторы Ернар Халимарденовтың айтуынша, өзіңе бекітілген аумақты аралауы – бұл тек бақылау ғана емес, сонымен қатар тұрғындармен диалог орнатуға, сол арқылы халықтың тарапынан сенім мен қауіпсіздікке ортақ жауапкершілік сезімін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жұмыстар қылмыспен күресте өзара қолдау және ортақ мақсатты ұжымдық түсіну маңызды элементтер болып табылады. Аумақты аралау кезінде мас күйінде жүрген адамдар анықталып, оларды есін жиып, қалыпты жағдайға келтіру үшін детоксикация орталығына орналастырады. Учаскелік полиция инспекторы Ернар Рамазанұлының айтуынша бүгінгі күні алкоголизммен ауыратын туыстарын мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы өтініштермен азаматтар жиі жүгінеді.
Аудан тұрғындарымен әңгімелесу барысында отбасылық бұзақылар туралы хабарламалар да көп түседі. Сондықтанда отбасындағы тәртіп пен тыныштықты қалпына келтіру үшін заңға сәйкес шаралар қабылдауға тура келеді.
Пробация есебінде тұрған және басқа профилактикалық тізімдердегі тұлғаларды тексеру кешкі уақытта жүргізіледі. Бұл шаралар қауіпсіз әлеуметтік орта қалыптастыруға ықпалын тигізеді.
– Аудан тұрғындары қауіпсіздік ұжымдық жауапкершілік екенін есте ұстауы керек. Сонда ғана біз бірлескен жұмыстың нәтижесінде қауіпсіз әрі тыныш орта құра аламыз. Полициямен араласу – әрбір адамның сенімі мен қауіпсіздігін арттыру жолындағы маңызды қадам, деп түйіндеді сөзін Е.Халимарденов