
Қарағандыда генераторды ұрлаған ер адам ұсталды
46 жастағы қарағандылық гаражында бензин генераторын сақтаған. Демалыс күндері ол оған қажет болған. Гараж массивіне келгенде, ер адам гаражының ашық тұрғанын байқаған. Келтірілген шығын 230 мың теңгеге бағаланды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Теміржол полициясы бөлімінің қызметкерлері ауданның 32 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Жауап алу кезінде ол тағы екі ұрлық жасағанын мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұрлық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.