Қарағандылық полицейлер қоқыс контейнерінің жоғалу құпиясын ашты

Қарағандылық полицейлер қоқыс контейнерінің жоғалу құпиясын ашты

Қарағандылық полицейлер қоқыс контейнерінің жоғалу құпиясын ашты
Қарағанды қаласының Орталық полиция бөліміне 32 жастағы азамат жүгінді. Ол полицияға жазда қоқыс жәшігін жалға бергенін және төлем мерзімі мен сомасын жазбаша түрде рәсімдегенін айтты. Алайда контейнерді қайтару күні жалға алушының мекенжайына барған кезде өз мүлкін таба алмаған. Тексеру барысында анықталғандай, сол үйдің жанынан күн сайын 42 жастағы қарағандылық азамат өтіп жүрген. Соңғы күндері ол қоқыс жәшігін ешкім пайдаланбайтынын байқаған. Контейнердің қажет екенін шешіп, оны өзіне иемденіп алған.
Полиция қызметкері күдіктінің мекенжайына барып, оны жауапқа тартты. Азамат өз әрекетін мойындап, ұрланған мүлікті иесіне қайтарды. Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.