Қарағандылық полицейлер ұрланған тюбингті иесіне қайтарды

Қарағандылық полицейлер ұрланған тюбингті иесіне қайтарды

Қарағандылық полицейлер ұрланған тюбингті иесіне қайтарды
32 жастағы қала тұрғыны балаларына қыс мезгілінде сырғанақ теуіп, демалыс өткізсін деген мақсатта тюбинг сатып алған. Аталған зат жеңіл, бірақ көлемді болғандықтан, оны пәтерде қою орын алғандықтан, оны дәлізге қойған. Кешкілік уақытта иесі өзіне тиесілі заттың орнында тұрғанын көргенімен, кейін оны белгісіз біреулер қолды қылған. Орталық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері тұрғынның арызын қабылдап, ерекше белгілерін анықтап, іздестіру жұмыстарын бастады. Тюбинг қалалық саябақ маңынан табылды. Оны 20 жастағы облыс тұрғыны иемденген екен. Күдікті өз кінәсін мойындады. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.