
Қарағанды облысында ер адам жалға алған пәтерінде қарасора өсіретін жылыжай жабдықтаған.
Абай аудандық полициясының есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлеріне ауданның 23 жастағы тұрғыны өз пәтерінде қарасора өсіріп жүргені туралы ақпарат келіп түсті. Полиция қызметкерлері хабарламаны тексеру кезінде жас жігіт өзінің қондырғысын көрсетті.
Ол ескі тоңазытқыштың ішіне қажетті жарықтандыру орнатқан осындай жасанды инкубаторда төрт қарасора түпі өсіп шыққан. Полиция өсімдіктермен бірге «кулибиннің» құрал-жабдықтарын тәркіледі.
Қазіргі уақытта құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге қатысты тергеу жүріп жатыр.