
Қарағанды облысының полиция департаменті 14-16 қаңтар аралығында жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыруға бағытталған «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізеді. ЖПІШ кезенде автожолдардағы жасақтардың саны көбейтіледі, жұртшылық өкілдері және мүдделі мемлекеттік органдарымен ұйымдары қатарынан бірлескен мобильді топтар құрылатын болады. Қарағанды облысының полиция департаменті жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін бұзбауға, жолдарда қырағылық пен ұқыптылықты сақтауға шақырады.