
Қарағандыда полицейлер төрт дөңгелегі ұрланған қылмыстың бетін ашты
Кешкі уақытта аулада тұрған көлікті тексерген 22 жастағы қарағандылық жүксалғыштан дөңгелектер жинағы ұрланып кеткендіктен полицияға хабарласуға мәжбүр болды. Ұрланған дөңгелектердің құны 75 000 теңгеге бағаланған. Күндердің бірінде, Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері дөңгелектер жинағы сатылады, деген хабарландыруды байқап қалды. Олар сатушымен байланысып сатып алуды ұйымдастырды. Тауар ұрланған заттардың сипаттамасына толық сәйкес келді. 29 жастағы күдікті ұрлықтан пайда табуды көздегенін мойындады. Ұрлық бойынша тергеу кезінде ол қамауда қалады.