Алаяқ көмектесемін деген сылтауымен қарағандылықтан ақша ұрлап кетті

Алаяқ көмектесемін деген сылтауымен қарағандылықтан ақша ұрлап кетті

Алаяқ көмектесемін деген сылтауымен қарағандылықтан ақша ұрлап кетті
Қарағанды полициясы алаяқтық жасады деген күдікпен 30 жастағы ер адамды ұстады. Алаяқ жүргізуші куәлігін алуда көмек көрсететін қызметтерін белсене жарнамалап, олардың құнын 540 мың теңге деп бағалаған. Оның айласына 59 жастағы қала тұрғыны түсіп, уәделеріне сеніп, алаяққа аталған соманы берген. Алайда ақша алғаннан кейін «делдал» байланысқа шықпай қалған. Алаяқтық құрбанына айналғанын түсінген жәбірленуші полицияға жүгінген.
Ұсталған күдікті кінәсін мойындады. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Полицияның қызметкерлері ұсталған адамның осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.
Азаматтарға күмәнді ұсыныстарға, әсіресе ірі ақша аударымдарына қатысты сенім білдірмеу және сақ болу қажеттігін ескертеміз.