В Караганде прошло рабочее совещание полицейских с руководителями организации образования

В Караганде прошло рабочее совещание полицейских с руководителями организации образования

Қарағандыда полиция қызметкерлерінің білім беру ұйымдарының басшыларымен өткен жиналыс өтті
Қарағанды облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы Қарағанды облысы қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің басшыларымен, мектеп және колледждердің директорларымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ балалардың жаңа жылдық мерекелерде және каникул кезеңінде бос уақытын ұйымдастыру мәселелері бойынша онлайн- жиналыс өткізді.
- Білім беру ұйымдары мен ювеналды полиция инспекторларының бірлескен жұмысының арқасында оқу жылының басынан бері оқушылармен және олардың ата-аналарымен 2000-нан астам профилактикалық әңгімелер жүргізілді,-деп Қарағанды облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Каиров онлайн-жиналысты бастады. Тәуекел тобына жататын 574 ата-ана мен 230 жасөспірім анықталып, әр түрлі санат бойынша есепке алынды. Түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында 400-ден астам рейд ұйымдастырылды. Жасөспірімдер арасында ішімдік, есірткі және шылым шегудің алдын алу мақсатында 3 спорттық іс-шара өткізілді.
Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру мәселесі қаралып, нәтижесінде Қарағанды облысының ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының ерекше маңызды тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы А. Омарова өзара іс-қимылды нығайту бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.