
Қарағандыда тиімді салымдарды ұсына отырып, инвесторлардан 57 млн теңгені жымқырған алаяқ ұсталды.
Қарағанды қаласының ПБ Орталық ПБ қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 44 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Аталған ер адам бір күндік компания құрып, азаматтарға тиімді шарттармен инвестиция салуды ұсына отырып, жарнама таратқан. Алаяқтың ұсынысына 4 инвестор қызығушылық танытып, оған жалпы сомасы 57 млн теңгеге ақшалай қаражат аударған. Ақшаны алғаннан кейін, алаяқ байланысқа шығуды тоқтатқан. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.