
Қарағандыда такси жүргізушісіне жасалған шабуыл ашылды
Қарағанды полицейлері қарақшылық жасады деген күдікпен 34 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Клиент атынан такси шақырған күдікті қажетті мекенжайына жеткен кезде, күтпеген жерден жүргізушінің ұялы телефоны мен ақшасын тартып алып, қашып кеткен.
Ол өз кінәсін мойындады, заттай дәлелдемелер алынды.
Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.