Қарағанды облысында ірі көлемде марихуана тасымалдаушылар ұсталды

Қарағанды облысында ірі көлемде марихуана тасымалдаушылар ұсталды

Қарағанды облысында ірі көлемде марихуана тасымалдаушылар ұсталды
Қарағанды облысының полицейлері "Қарағанды-Астана" тас жолында ірі көлемде марихуана есірткі затын тәріледі. Полиция қызметкерлері 38 жастағы Жамбыл облысы тұрғынының басқаруындағы Audi A6 автокөлігін тоқтатқан. Көлікте сондай-ақ аталған облыстың 38 жастағы тұрғыны, яғни жүргізушінің серіктесі болған. Тәртіп сақшыларымен көлікке жүргізген тексеріс жұмыстары барысында 13 қап өсімдік тектес заттар анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар жалпы салмағы 266 келіден астам кептірілген марихуана есірткі заты екені белгілі болды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Прокуратураның келісімімен ұсталғандарға қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. Жыл басынан бастап Қарағанды облысының полицейлері заңсыз айналымнан 466 келіден астам әртүрлі есірткі заттарын тәркіледі. Оның ішінде 100 келіден астам гашиш, 180 келіден астам марихуана және 12 келі синтетикалық есірткі заты. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен 130 дан астам адам ұсталды. Өкінішке орай оның 11-і кәмелетке толмағандар болса, 12-сі әйел адамдар. Қарағанды облысының полицейлері есірткі қылмыстарының алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейтіп, облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қадағалау бойынша жұмыстарды жалғастыра бермек.