
Қарағанды полицейлері қалта ұрысын анықтады
Қарағанды қ.ПБ Жаңа Майқұдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 50 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Қаскөй дүкендердің бірінде клиенттің курткасының қалтасынан ұялы телефонды ұрлап кеткен. Шығын сомасы 110 мың теңгені құрады. Күдікті өз кінәсін мойындады. Заттай дәлел-жәбірленушінің ұялы телефоны тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде. Полицейлер ұсталған адамның басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.