
Қарағандылық полицей күрестің үш түрінен республикалық жарыстың чемпионы атанды
Қарағандыда спорт шеберлері арасында күрестің үш түрінен республикалық жарыс өтті. Оларға Қазақстанның 16 облысынан 300-ге жуық спортшы қатысты. Олардың үздіктері дзюдо, самбо, қазақ күресінен өткен жекпе-жектерде анықталды. Турнирде 100 келі салмақта Қарағанды қаласы патрульдік полиция полкі командирінің м.а полиция подполковнигі Дәулет Искаков барлық жекпе-жекте қарсыластарын толық жеңіп шығып жеңіс тұғырына көтерілді.