Қарағанды полицейлері шетелде пәтер брондау қызметін ұсынған интернет-алаяқты ұстады.

Қарағанды полицейлері шетелде пәтер брондау қызметін ұсынған интернет-алаяқты ұстады.

Қарағанды полицейлері шетелде пәтер брондау қызметін ұсынған интернет-алаяқты ұстады.
Қарағанды қаласының Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен Павлодар қаласының 17 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Күдікті шетелде пәтерлерді брондау қызметтерін ұсыну туралы әлеуметтік желілерде хабарландыру жариялаған. Бұл ретте делдалдық бағасы 50 мың теңгені құраған.
Рим қаласына баруды жоспарлап жүрген Қарағанды қаласының 19 жастағы тұрғынын аталған хабарландыру қызықтырған. Артынша ол аталған риэлтор сымаққа ақша аударып жіберген, алайда қаскөй одан кейін байланысын тоқтатқан. Күдікті өз кінәсін мойындады, заттай дәлелдемелер алынды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.