Лудоман Қарағанды тұрғынынан 14 млн теңгені ұрлап, букмекерлік кеңсеге салып жіберген

Лудоман Қарағанды тұрғынынан 14 млн теңгені ұрлап, букмекерлік кеңсеге салып жіберген

Лудоман Қарағанды тұрғынынан 14 млн теңгені ұрлап, букмекерлік кеңсеге салып жіберген
Қарағанды қаласында полицияға жергілікті сауда ұйымының 40 жастағы басшысы арызбен шағымданды. Жәбірленуші арызында 14 млн теңге сомасында ақшасының ұрланғанын айтып, күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады. Тергеу барысында жәбірленуші күдіктімен жақын таныс болмағаны анықталды. Күдікті өзін тек атымен таныстырып, 1 млн 700 мың теңгені қарызға сұраған. Сенімді болу үшін ол кепіл ретінде жеңіл көлігін қалдырған. Келесі күні жәбірленуші 14 млн теңгені банктік шотқа аудару үшін алып, өз жұмыс орнына көлігімен келген. Сол сәтте күдікті оны қайта кездесуге шақырып, көлікте қалған ноутбукты алып шығуға көмектесуін өтінген. Жәбірленуші көлікті ашып, жұмысымен айналысуға кеткен. Біраз уақыт өткен соң, ол көшеге шығып, көлігі мен ішінде жатқан ақшаның жоғалғанын анықтаған. Полицейлер күдікті ретінде Алматы облысының 35 жастағы тұрғынын ұстады. Ол букмекерлік кеңселерде үнемі ұтысқа ақша тігіп жүргенін мойындады. Қарызын қайтару мақсатында жәбірленушіден қарыз алғанын, кейін көліктегі 14 млн теңгені көріп, ақшаны да ұтысқа тігіп жібергенін айтты. Нәтижесінде тағы да жеңіліп, жәбірленушіге шығын келтірген. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Соттың санкциясымен оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.