
Қарағандыда полицейлер бұзақыларды ұстады
Қарағанды қаласы полиция басқармасының Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері бұзақылық әрекеттер жасады деген күдікпен 20 жастағы екі азаматты ұстады.
Оқиға түнгі уақытта қала көшелерінің бірінде орын алған. Күдіктілер жанжал шығарып, оның барысында 40 жастағы ер адамға дене жарақатын келтірген. Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді. Күдіктілер өз кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.