
Қарағандыда полиция қызметкерлері ұрланған теледидарды иесіне қайтарып берді
Қарағанды қаласының Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрланған мүлікті іздестіру барысында жедел нәтиже көрсетті. Олар жалдамалы пәтерден ұрланған теледидарды қала тұрғынына қайтарып берді. Оқиға барысында анықталғандай, 38 жастағы әйел Қарағанды қаласының орталығындағы пәтерді сегіз мың теңгеге жалға алған. Екі күн өткеннен кейін пәтер иесі түпкілікті есеп айырысуға келген кезде, құны 100 мың теңге болатын теледидардың жоғалғанын байқаған. Бұл жайт бойынша пәтер иесі полицияға жүгінді.
Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіні анықтап, оны ұстады. Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындады. Тәркіленген теледидар иесіне қайтарылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.