
Қарағандыда полиция қызметкерлері ломбардтан сақина ұрланған күдіктіні ұстады
Қарағанды қаласының Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөлімінің қызметкерлері ломбард тонау ісіне қатысы бар деген күдікпен 19 жастағы жігітті ұстады.
Оқиға ломбардтардың бірінде болған. Ломбард менеджеріне күдікті алтын сақинаны көрсетуді өтініп, оны сатып алғысы келетінін айтқан. Зергерлік бұйымды сынап көрген соң, ол ломбардтан шығып, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Ұрланған алтын сақинаның құны 75 мың теңгені құрады.
Күдікті өзінің кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдеме – алтын сақина – тәркіленді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.