
Қарағандыда бір сағат ішінде автокөлік ұрлаған күдікті ұсталды
Қарағанды қаласының тұрғыны полицияға автокөлігін ұрлап әкеткен белгісіз адамға қатысты қылмыстық іс қозғауды сұрап жүгінді. Оқиға көпқабатты үйдің жанындағы автотұрақта орын алған. Келтірілген материалдық шығын 700 мың теңгені құрады. Бұл хабарлама Қарағанды облыстық полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны жасақтарына бірден жеткізілді. Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері гараж массивтерінің бірінде күдікті көлікті анықтап, 29 жастағы ер адамды ұстады. Тексеру нәтижесінде оның мас күйінде көлік жүргізгені анықталды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Сонымен қатар, күдіктіге мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Қарағанды облыстық полиция департаменті азаматтарды көлік құралдарын қараусыз қалдырмауға шақырады.