Қарағандыда ірі есірткі зертханасы жойылды

Қарағандыда  ірі есірткі зертханасы жойылды

Қарағандыда ірі есірткі зертханасы жойылды.
Полиция департаментінің қызметкерлерімен Қарағанды қаласындағы аудандардың бірінде жұмыс істеген ірі есірткі зертханасын жою операциясы жүргізілді.
Жүргізілген арнайы іс-шаралар барысында қаладағы саяжайлардың бірінде есірткі өндіруге арналған прекурсор болып табылатын ақ түсті ұнтақ заты бар 6 ағаш бөшке табылды.
Тәртіп сақшыларымен жасырын әрекеттер барысында аталған бөшкелер Қарағанды қаласының 39 жастағы тұрғыны басқарған BMW X5 маркалы автокөлікке тиелгені анықталып, автокөлік жеке тұрғын үйге жүк тасымалдау әрекеті кезінде ұсталды.
Үйді тінту кезінде 1 тоннадан астам прекурсорлар мен 10 келіден астам дайын альфа-pvp есірткі заты тәркіленді.
Оның ішінде:
-6 прекурсорлары бар ағаш бөшкелер;
-кептіру процесінде құрамында психотроптық зат болуы мүмкін күдікті сұйықтық салынған 35 шыны науа;
Белгісіз сұйықтығы бар 33 канистр;
- 4 қап ұнтақ зат;
-сүзгілері бар 5 противогаз;
-жалпы салмағы шамамен 3 кг дайын альфа-pvp есірткісі бар 3 вакуумды қап;
-есірткі заттарды өндіруге арналған жабдықтар (араластырғыштар, вакуумизатор, металл желдеткіш бөлшектер);
-таразылар, ұялы телефондар, жүйелік блок және заңсыз әрекеттерге қатысты басқа да заттар тәркіленді.
Жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде 500 мың дозаға жуық синтетикалық есірткінің қара нарыққа шығарылуына жол берілмеді.
Сонымен қатар, қылмыстық әрекеттерге жаңа қатысушылардың, соның ішінде азаматтық тұрғындар арасынан ықтимал курьерлер («жасырушылар») тартылуына нүкте қойылды.
Қылмыстық іске қатысы бар тұлға уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәркіленген заттар бойынша сараптама тағайындалып, қосымша тергеу амалдары жүргізілуде.