Қарағанды облысында алаяқ танысына 1 млн теңгеге жуық несие рәсімдеген

Қарағанды облысында алаяқ танысына 1 млн теңгеге жуық несие рәсімдеген

Қарағанды облысында алаяқ танысына 1 млн теңгеге жуық несие рәсімдеген
Қарағанды облысы Абай ауданының ПБ қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 37 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Алаяқ 33 жастағы танысынан шұғыл қоңырау шалу үшін ұялы телефонын сұраған. Ұялы телефонды алғаннан кейін ол жәбірленушіге банктік қосымшасы арқылы несие ресімдеп,оны өз шотына аударып алған. Залал сомасы 940 мың теңгені құрады.
Жауап алу барысында ер адам, өз әрекеттерін тез ақша алу қажеттілігімен түсіндіріп, кінәсін мойындады. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.