Қарағанды облысында жол бойындағы кафеден ұрлық жасаған ұры ұсталды

Қарағанды облысында жол бойындағы кафеден ұрлық жасаған ұры ұсталды

Қарағанды облысында жол бойындағы кафеден ұрлық жасаған ұры ұсталды
Қарағанды облысы Абай ауданының полиция қызметкерлері Қостанай қаласының 21 жастағы тұрғынын ұрлық жасады деген күдікпен ұстады. Күдікті Қызылорда–Павлодар тас жолының бойында орналасқан кафенің есігін бұзып, ішке кірген. Ол кафеден алкоголь өнімдері мен ақшалай қаражатты ұрлаған. 55 жастағы жәбірленуші келтірілген шығынды 32 мың теңге деп бағалады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ұрланған заттар тәркіленіп, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер оның басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.