Қарағанды облысында Балқаш көлінде заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды

Қарағанды облысында Балқаш көлінде заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды

Қарағанды облысында Балқаш көлінде заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды
2024 жылғы 19 қарашада "Браконьер" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Қарағанды облысының Полиция департаментіне қарасты табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері рейд барысында Балқаш көлінің аумағында моторлы қайықты байқады. Тексеру нәтижесінде, қайық тізгінінде 37 жастағы Балқаш қаласының тұрғыны болғаны анықталды. Полицейлер заңсыз балық аулау фактісін әшкерелеп, сегіз қорапқа салынған көксерке, ақмарқа және табан балықтарын, сондай-ақ Қытайда жасалған бес қап торды тәркіледі. Алдын ала есептеулер бойынша, келтірілген шығын көлемі 1 миллион 300 мың теңгені құрады. Сонымен қатар, балық ресурстарын заңсыз өндіруде пайдаланылған моторлы қайық пен оның жабдықтары тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қарағанды облысы Полиция департаменті азаматтарды табиғат ресурстарын сақтау және заң бұзушылыққа жол бермеу жөнінде жауапкершілікке шақырады. Табиғатты қорғау - баршамыздың ортақ міндетіміз.