
Қарағандыда өз кәсіп орындарынан ұрлық жасаған күдіктілер ұсталды.
Қарағанды қ. ПБ – на қарасты Михайлов полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен металл сынықтарын қабылдап, сатумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жұмысшыларын ұстады. Күдіктілер кәсіпорынның аумағынан металл сынықтарын бірнеше мәрте алып шығып, бәсекелестеріне сатқан. Келтірілген шығын сомасы 400 мың теңгені құрады.
Ұсталғандар кінәсін мойындап, заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.