
Қарағанды облысының полицейлері марихуанамен жас жігітті ұстады
Қарағанды облысы Шахтинск қаласының патрульдік полиция қызметкерлері "Учаске" жедел-алдын алу іс-шаралары кезінде 21 жастағы жігітті ұстады. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары ұсталған азаматтан есірткі затын тәркіледі. Сот-сараптамалық зерттеу нәтижесіне сәйкес тәркіленген заттың салмағы 0,9 грамм кептірілген марихуана есірткі заты екені белгілі болды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.