Қарағандыда алаяқ ломбардтардағы ұялы телефондарды сатып алу сылтауымен қолды қылған

Қарағандыда алаяқ ломбардтардағы ұялы телефондарды сатып алу сылтауымен қолды қылған

Қарағандыда алаяқ ломбардтардағы ұялы телефондарды сатып алу сылтауымен қолды қылған
Қарағанды қ. ПБ – на қарасты Киров полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 48 жастағы ер адамды ұстаған. Ол ломбардтардың бірінде менеджерге ұялы телефон сатып алуды ұсынған. Қолына түскен смартфонды тексеру үшін ломбардтан шығып, қашып кеткен. Келтірілген шығын сомасы 75 мың теңгені құрады. Күдікті кінәсін мойындады. Заттай дәлелдеме тәркіленді. Сонымен қатар, полиция алаяқтың осыған ұқсас төрт қылмысқа қатысы бар екенін анықтаған. Барлық анықталған фактілер бір өндіріске біріктіріліп, тергеу жүргізілуде. Ұсталған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданды