
Полиция қызметкерлері Теміртау тұрғынына автокөлік салонынан ұрланған ұялы телефонын тауып берді. Қарағанды облысы Теміртау қ. ПБ-на қарасты Ескіқалалық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен 42 -жастағы азамат ұсталды. Күдіктінің қала көшелерінің бірінде тұрған көліктен, ұялы телефонды қолды қылғаны белгілі болды. Жәбірленушіге келтірілген шығын 60 мың теңгені құрады.
Тергеу әрекеттері үшін полиция бөліміне жеткізілген ұсталған азамат қылмыс жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Ұрланған ұялы телефон тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды.
Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде..