
Қарағандыда зейнеткердің қысқа жиналған көмірін көршісі ұрлап кеткен
Қарағанды қ. ПБ – на қарасты Киров полиция бөлімінің қызметкерлері 52 жастағы ер адамды ұрлық жасады деген күдікпен ұстады. Қала тұрғыны өзі тұрған көпқабатты үйдің жертөлесіне есіктегі құлыпты бұзып, кіріп, көршісінің қысқа жинаған көмірін ұрлап кеткен. Бұл әрекетті ұры бірнеше рет қайталаған. Бес тонна көмірдің жоқтығын, 66 - жастағы азаматша суық түскенде анықтаған. Жәбірленуші өзіне келтірілген шығын көлемін 60 мың теңгеге бағалады. Ұсталған адам кінәсін мойындап, көмірдің бір бөлігін белгісіз адамдарға сатқанын, ал бір бөлігін өз қажеттіліктері үшін пайдаланғанын түсіндірді. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілуде.