Қарағанды облысында полиция қызметкерлері бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар азаматшаны анықтады

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар азаматшаны анықтады

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар азаматшаны анықтады. Қарағанды облысы Саран қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері пәтер ұрлығына қатыстығы бар деген күдікпен 49 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Нәзік жандының ұрлықты әккі жасауы, тәртіп сақшыларын таң қалдырды. Ол, күндізгі уақытта құлыпқа кілт таңдау арқылы, 39 -жасар қала тұрғынының пәтеріне кіріп, алтын бұйымдарды – алқа, білезік, мойынтұмар, үш сақина, үш жұп сырға ұрлап кеткен. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 2 млн. теңгені құрады.
Күдікті өз кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері азаматшаның Саран қаласында, Осакаров ауданында және Павлодар облысында жасалған үш қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. Анықталған фактілер бір қылмыстық іске біріктірілді. Тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы таңдалды.