
Қарағандыда полиция қызметкерлері пластикалық терезелерді орнатуға уәде беріп, тұрғындарды сан соқтырған интернет-алаяқтарды құрықтады Қарағанды қ. ПБ- на қарасты Михайлов полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 24 және 26 жастағы екі ер адамды ұстады. Күдіктілер интернет- платформалардың бірінде пластикалық терезелерді, есіктерді және балкондарды орнату қызметтері туралы онлайн хабарландыру жариялаған. Алаяқтар тауардың құны нарықтық бағадан төмен қойған. 35 жастағы азаматша хабарландыру авторларының адалдығына сеніп, оларға 1 млн. 300 мың теңге аударған. Тапсырыстың орындалуын күтуге шаршаған қала тұрғыны полицияға шағымданған. Ұсталғандар кінәсін мойындады. Сондай-ақ, полицейлер олардың осыған ұқсас тағыда екі қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.