
Қарағандыда мектеп оқушысынан ұялы телефон тартып алған жасөспірімдер тобы ұсталды
Қарағанды қаласы ПБ –на қарасты Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері тонау күдігі бойынша 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер тобын ұстады. Бұзақылар сабаққа бара жатқан 11- жасар қыз баладан ұялы телефонын тартып алып, қашып кеткен. Күдіктілер кінәларын мойындады. Заттай дәлелдеме тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.