Қарағандыда жүзге жуық жас қызметкер салтанатты түрде ант қабылдады

Қарағандыда жүзге жуық жас қызметкер салтанатты түрде ант қабылдады

Қарағандыда жүзге жуық жас қызметкер салтанатты түрде ант қабылдады.
Республика күні қарсаңында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімдеріне қызметке орналасқан 100-ге жуық жас тәртіп сақшылары заң мен тәртіпті қадағалау, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бойынша қызметке кірісе отырып салтанатты түрде ант қабылдады. Ант қабылдау рәсіміне департамент басшылығы, ардагерлер және сыңдарлы жылдар бойы ішкі істер органдарында еңбек етіп, зейнет жасына шыққан ардагерлер қатысты. Салтанатты іс-шара алдымен мемлекеттік ту көтеріп, әнұран орындаудан басталды. Осыдан кейін, осы іс-шараны асыға күткен жас тәртіп сақшылары елге, жерге, Отанға адал қызмет ету бойынша ант қабылдады.  -Құрметті жас қызметкерлер. Бүгін сіздер үшін ең ерекше күн болып отыр. Мемлекеттік мейрам-Республика күні қарсаңында сіздер ішкі істер органдарының қатарына кіре отырып, салтанатты түрде ант қабылдадыңыздар. Алдағы уақытта қабылдаған анттарыңызға адал болып, қоғам тыныштығы үшін аянбай тер төгіп, еңбек етспеңіздер қызметтік сатымен өсіп, алдарыңызда тұрған ардагерлер сияқты абыройлы боласыздар дегім келеді. Сіздерге қойылатын ең басты талап, заң мен тәртіп қағидатын сақтап, азаматтармен ілтипатты қарым-қатынас жасап, ел тыныштығын қамтамасыз ету. Баршаңызға қызметте тек сәттілік тілеймін,-деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дәурен Ибраев. Ішкі істер саласында 36 жыл қызмет атқарып, зейнет жасына жетсе де бүгінгі таңда ішкі істер органдары және Ұлттық Ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы болып отырған Жұман Нұрпейсов жас тәртіп сақшыларына әкелік ақ батасын берді.
Ант қабылдау шарасы жеке құрамның салтанатты шеруімен аяқталды