
Қарағанды облысында кәсіпорын аумағынан кабель ұрлаған ауыл тұрғындары ұсталды
Қарағанды облысы Нұра ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен елді мекендердің бірінің 30 және 34 жастағы екі тұрғынын анықтап, ұстады. Ұрылар түнгі уақытта құрылыс кәсіпорнының аумағына кіріп, мыс кабелін ұрлап кеткен. Шығын сомасы 3 млн. теңгені құрайды. Күдіктілер ұрланған мүлікті металл қабылдау пунктіне тапсыруды жоспарлағанын айтып, мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.