
Арзан импорттық тауарларды жеткізуге уәде берген алаяқ Қарағанды облысының 64 тұрғынын алдап кеткен. Қарағанды қаласының Октябрь полиция бөліміне алаяқтық әрекеттер фактісі бойынша қала тұрғындарынан өтініштер түсе бастады. Бұқар жырау ауданына қарасты елді мекендердің бірінде тұратын 32 -жастағы әйел алдап сенімге кіру арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында қылмыстық ниетпен әлеуметтік желіде топ құрғаны анықталды. Ол әлеуметтік желідегі парақшаға Ресей мен Қытайдан арзан бағамен көрсетілген тауарлардың фотосуреттері мен ұялы телефонының нөмірін белгілеп тауарларды жеткізу туралы жарнаманы орналастырды. Іскер әйел суреттерді интернеттен алған. Бұл ұсынысқа қызығушылық танытқан азаматтардан оған ақша аудару ұсынылған. Сонымен қатар, бірден өндірушіден сатып алынады деген болжаммен, белгілі бір өнімді жеткізу үшін алдын ала төлем жасау 100% құраған. Алаяқтың қармағына облыстың 64 тұрғыны түсті, олардың көпшілігі облыс орталығында тұрады. Олар ақшаны жарнама авторына аударып, алаяқ оны өз мақсатына пайдаланған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығын 26 миллион теңгеден асады. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Полиция азаматтарды интернет арқылы сатып алу кезінде мұқият және сақ болуға шақырады.