
Қарағанды облысында әріптесінің мотоциклын ұрлаған күдікті ұсталды.
Қарағанды облысы, Саран қалалық полиция бөліміне 20 жастағы қала тұрғыны хабарласып, білгісіз біреу өзі жұмыс жасайтын мекеменің жанында тұрған автотұрақтан мотоциклын ұрлағаны туралы хабарлаған. Оған келтірілген шығын көлемі 950 мың теңгені құрады. Полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы азамат ұсталды. Күдікті мойындау көрсетпе белгілерін берді. Белгілі болғандай, ұсталған адам жәбірленушімен бір жерде жұмыс жасаған. Айғақ зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.