Қарағанды облысында өзгенің ақтүйнек дақылдарын ұрлаған ауыл тұрғыны ұсталды

Қарағанды облысында өзгенің ақтүйнек дақылдарын ұрлаған ауыл тұрғыны ұсталды

Қарағанды облысында өзгенің ақтүйнек дақылдарын ұрлаған ауыл тұрғыны ұсталды.
Қарағанды облысы, Бұқар жырау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 34 жастағы ауыл тұрғынын ұстады. Күдіктінің егістікте жатқан өзгенің 50 қап ақтүйнегін (картоп) қолды қылғаны белгілі болды. Түнгілік уақытта күдікті егістікке көлігімен барып, жәбірленушілердің желдетіп, кептіру үшін қалдырған дақылдарын алып кеткен. 34 жастағы жәбірленуші өзіне келтірілген шығынды 400 мыңға бағалады. Күдікті жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде