«Заңсыз жүрген шетелдік» жедел-алдын алу іс шарасы барысында Қарағанды облысының көші-қон қызметі бір күнде көші-қон заңнамасын бұзған 110 тұлғаны анықтады.

«Заңсыз жүрген шетелдік» жедел-алдын алу іс шарасы барысында Қарағанды облысының көші-қон қызметі бір күнде көші-қон заңнамасын бұзған 110 тұлғаны анықтады.

«Заңсыз жүрген шетелдік» жедел-алдын алу іс шарасы барысында Қарағанды облысының көші-қон қызметі бір күнде көші-қон заңнамасын бұзған 110 тұлғаны анықтады. 87 заңсыз жүрген шетелдік, оларға ереже бұзу арқылы жұмысқа тартқан 6 жұмыс беруші және шетелдіктерді қабылдаған 17 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
- Республикалық маңызы бар «Алматы-Екатеринбург» тас жолында Балқаш қалалық полиция бөлімінің патрульдік полиция ротасы, көші-қон қызметі және Ұлттық қауіпсіздік департаменті қызметкерлерімен бірлескен жұмыстың нәтижесінде солтүстіктен –оңтүстік бағытына бара жатқан жолаушылар мінген бес автобус тоқтатылып, көші-қон заңнамасын бұзған 23 жолаушы анықталды. Барлығы көрші мемлекеттің азаматтары,- деп хабарлады Қарағанды облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қаиров. Шетелдіктер заңнамада белгіленген мерзімнен асатын мерзім ішінде Қазақстан аумағынан кетуден жалтарғаны үшін әкімшілік жазаға тартылады.