Қарағанды облысының аумағында «STOP граффити» кең көлемді акциясы өтті

Қарағанды облысының аумағында «STOP граффити» кең көлемді акциясы өтті

Қарағанды облысының аумағында «STOP граффити» кең көлемді акциясы өтті.
Бүгінгі таңда қоғам дертіне айналған есірткі заттарының алдын алу, аталған бағыттағы қылмыстарға тосқауыл қою ішкі істер органы қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі екені белгілі. Аталған бағытта Полиция департаменті әрқашан тиісті жұмыстар жүргізіп, есірткі сақтап сатқандармен ғана емес, есірткі жарнамалайтын граффити жазбаларын қалдыратындармен де күрес жүргізіп келеді.
Мәселен, сенбі күні осындай акция Теміртау және саран қаласына қарасты Ақтас кентінде болып өтті. Теміртау қаласында өткен іс-шараға Полиция департаменті, қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен қоса, жергілікті билік өкілдері, «Qarmet» Акционерлік қоғамының, жергілікті еріктілер, Теміртау қаласындағы жоғарғы оқу орынының студенттері, «Шаңырақ» еріктілер ұйымының өкілдері қала көшелеріндегі ғимараттарда жазылған граффити жазбаларды өшіруге шықты. Негізгі міндет есірткі жарнамалайтын жазбаларды өшіріп, салауатты өмір салтын насихаттау болды. Жалпы акцияға 1000 нан астам адам қатысты. Іс-шара барысында акцияға жиналғандар бірнеше топқа бөлініп, жазбаларды анықтап оны өшіру жұмыстарын жүргізді. Бір күн ішінде іс-шараға қатысқандардың қатысуымен 500 ден астам граффити жазбалары өшірілді. Сондай-ақ, «STOP граффити» акциясына қатысушылар халық көп жиналатын орындарда полиция қызметкерлерімен дайындалған үнпарақшалар тарату жұмыстарын жасады. Сонымен қатар, есірткінің зияны, интернет алаяқтығынан сақтану жазбалары бар бірнеше көлік қала көшелерімен жүріп, өтіп елдің назарын аударды. Ақтас кентінде де дәл осындай іс-шара жоғары деңгейінде өтті. Саран қалалық полиция бөлімінің қызметкерлерімен қоса іс-шараға еріктілер, қорғаныс министрлігінің жауынгерлері және «KamaTyresKZ» жаупакершілігі шектеулі серіктестіктің қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында кентте орналасқан ғимараттардан 21 граффити жазба анықталып жойылды. Сонымен қатар іс-шараға қатысушылар халықтың назарына интернет-алаяқтықтың алдын алу жөнінде үнпарақшалар таратты.