
5 млн. теңгеге жуық тауарды Теміртаудағы өз фирмасының менеджері ұрлап әкеткен
Қарағанды облысы Теміртау қ.ПБ Ескі қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Кең сұранысқа ие тауарлардың бөлшек саудасымен айналысатын ЖШС-нің бірінде менеджер болып жұмыс істеді. Өзінің жеті айлық еңбек жолында қаскүнем 5 млн. теңгеге жуық тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлап кеткен.
Бұл факт жоспарлы тексеру кезінде белгілі болды. Осы уақытқа дейін күдікті фирмадан жұмыстан шығып үлгерген. Ұсталған адам айыбын мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.