Қарағандыда велосипед ұрлығымен айналысқан күдікті ұсталды

Қарағандыда велосипед ұрлығымен айналысқан күдікті ұсталды

Қарағандыда велосипед ұрлығымен айналысқан күдікті ұсталды.
Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдікті жеке үйлердің ауласынан 30 жастағы жәбірленушінің құны 170 мың теңге тұратын велосипедін ұрлап әкеткен.
Ұсталған азамат мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді. Тергеу әрекеттері барысында полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас бес қылмысқа қатысы барын анықтады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде