
Қарағандылық полицейлер мекемеден жасалған ұрлыққа қатысы бар күдіктіні ұстады.
Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері темірөндіру мекемесінен ұрлық жасады деген күдікпен 27 жастағы азаматты ұстады. Қылмыс түңгі уақытта болған. Күдікті цехтың терезесін сындырып кіріп, ішінен ноутбук ұрлап әкеткен. Жәбірленуші тарап шығын көлемін 250 мың теңгеге бағалады. Ұсталған азамат мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.