Қарағандыда 10 миллион теңгеден астам сомаға вейп тәркіленді. Қарағанды облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 10 миллион теңгеден астам сомаға электрондық темекі (вейп) партиясын тәркіледі. Операция шегілмейтін темекі өнімдерінің және электрондық тұтыну жүйелерінің заңсыз саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар шеңберінде жүргізілді. Жоспарлы іс-шара барысында полиция қызметкерлерімен 24 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлік тоқтатылған. Көлікті тексеру барысында жалпы саны 1627 дана болатын 15 қорап электронды темекі өнімдері анықталып, тәркіленді. Аталған тауарларды ұсталғандар сатуға апара жатқаны белгілі болды. Заңсыз электрондық темекіні сату және тарату күдігі бойынша 21 мен 24 жас аралығындағы үш адам анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде. Айта кету керек, ағымдағы жылдың 19 сәуірінде Қазақстанда никотинді (вейптерді), сондай-ақ олар үшін сұйықтықтарды тұтынудың электрондық жүйелерінің айналымына тыйым салатын заң қабылданып, ол 20 маусымда күшіне енді. Полиция департаменті азаматтарға заңнаманы сақтау қажеттігін және электрондық тұтыну жүйелерінің заңсыз саудасына қатысуға сақ болуды ескертеді.